Кішкентай, кіп-кішкентай, жұдырықтай, титтей, қаршадай, кішкене, бармақтай, биттей, қүйттай, құйтымдай, құртымдай, құйтақандай, құртақандай, құрттай, қылаудай, қылдай, қылды- рықтай, митімдей, қарашықтай, титімдей, оймақтай, зәредей, сіркедей, тырнақтай, тинақтай, тинімдей, тілдей, шынашақтай, шынта

lat: Kishkentaı, kip-kishkentaı, judyryqtaı, tıtteı, qarshadaı, kishkene, barmaqtaı, bıtteı, qúıttaı, quıtymdaı, qurtymdaı, quıtaqandaı, qurtaqandaı, qurttaı, qylaýdaı, qyldaı, qyldy- ryqtaı, mıtimdeı, qarashyqtaı, tıtimdeı, oımaqtaı, záredeı, sirkedeı, tyrnaqtaı, tınaqtaı, tınimdeı, tildeı, shynashaqtaı, shynta

а) Көлемі цлкен емес, тым цсац, бір жапырац. Кең жазиралы кеңістікте көрінген дариядағы кішкентай қайық секілді (А. Сатаев). Түгін де түсінбеген Әскербектің кіп-кішкентай жүрегін үп-үлкен үрей шалықтады (Ш. Мүртазаев). Түсінгендей болды ма жцдырыцтай жүрегі тарс-тарс соғып шошып кетті (Т. Алшынбаев). Бала келіншектің камзолын титтей саусақтарымен бүріп алып, одан айырылғысы келмей, көкірегіне жабысып қалды (М. Дүзенов). Қаршадай қара бала қалбаңдаған, Шаршамай шаршы топқа салғанда әман (Ғ. Қайырбеков). Қария өз қырындағы күйме есігінің кішкене терезесіне жаутаңдай қарады (А. Сатаев). Кең дүниенің қойнына бармацтай баланы сыйдырмаған жоқшылық, көзіңді ашпа (Қ. Әбдіқадыров). Шынар бетін биттей қолымен басып, тығылып жылап жіберді (Ш. Қүмарова). Сонда мен мынау ццйттай бойыммен аспанды тіреп түрған секілдімін (Ф. Оңғарсынова). Сырықтай болып ццйтътдай балалардың арасын- да өңкиіп отырмақсың ба? (С.Жүнісов). Кенет ол өзіне-өзі ццртымдай болып кішірейіп кеткендей болды (Р. Тоқтаров). Қцйтацандай қызымның қылығымен, көз алдымнан өтеді балалығым (К. Ахметова). Айнала төңірек жым-жырт тыныштық, тек алыста ццртацандай бозторғай шырылдайды (Т. Есімжанов). Қцрттай баласына дейін шұбырып жүр (С. Шәріпов). Аспан мөп-мөлдір көкпеңбек, цылаудай бұлт жоқ (М. Сүндетов). Күйсандық алдындағы оның белі қылдай бо- лып, пернеде ойнаған қолдары да жігітті тарта береді (Ж. Жүмаханов). Кешегі ені қылдырыцтай қыр өзені дегенге адам нанғысыз, кәдімгі шалқып жатқан телегей теңіз дерсің (Ө. Қанахин). Үйге кенеттен кіріп келген үшеуі үш бөлменің демитімдей жерін қоймай тінтіп шықты («Лен. жас»), Бозторғай үшып, үлгірді сәтте сайрап та, Қараиіыцтай қүс қайда жүр өзі, қай жақта (К. Мырзабеков). Күні кешегі титпімдей баланың дыңдай азамат боп қалғанына қуанатын төрізді («Бал дәурен»). Оқиға болған маңайда картаға түсіріп, оймацтай жерін қоймай, тексеріп кетті (Т.Қойшыманов). Зәредей жалғыз тарының бетінен үлкейткіш әйнек арқылы жер бетіндегі материктерді түгел көресіз (С. Қасиманов). Ақсақал анда-санда төбесіне үймелеген сір- кедей үсақ шіркейлерді қолымен жасқап қояды (Қ. ЬІсқақов). Тыр- накрпай бала екеш бала да ауылға келген қайғы салмағын сезетін сияқты (Қ. Салғарин). Фабрика ішінде Жылқыбай білмейтін типщшай тетік қалмаган еді (Ә. Ибрагимов). Қарашы өзіңе, тіске қыстырар тинімдей егің қалмаған (Ф. Дінисламов). Медсестра келіп, тілдей ғана қағазды қолына үстата салды (Е. Оразақов). Толқын қыз Наурызға шынашац- тай ғана домаланған бір бәлекет боп көрінді (Ө. Қанахин). Кешегі шынтацтай қызының ер жеткенін енді сезгендей еді анасы («Лен. жас»). Мүгедек ана шукейттей болып бүрісіп қалыпты (С. Талжанов). Қолында гиуйкімдей ғана ораған нәрсесі бар («Соц. Қаз.»). Шцйкедей бұлт пгүйіліп, Шьна келді төбеге, Торғай әннен тыйылып, Бүға қалды бөгеле (С. Боранбаев). ә) Азгантай, шашн, шамалы гана. Ыбырай атамның балаларға қандай қайырым жасағаны жөнінде кішкентай әңгіме айтып бермейсіз бе? (С. Мәуленов). Халыққа титтей де болса пайдам тисе, арманым жоқ (О. Бодықов). Жүмекең кішкене кідіре түрсын, - деді Нұржан мазасызданып жан-жағына қарай берген Михаилға (С. Мыңжасарова). Қазанғап беті биттей аумастан бай- дың дүниесін аман-есен ауылға жеткізді (Ғ. Мүстафин). Қцрттай қарнымды тойдыра алмай, құмның құмаршыған қаққан кезім де бол- ған (М. Сатыбалдиев). Кісіге цылаудай қиянатың жоқ колхозшы көпшіліктің біреуісің (О. Сәрсенбаев). Жоқ, Рәбиға, өзгеге сенбесең де, тап осыған сен, цылдай қиянатым болған емес (Б. Майлин). Сен мені митімдей де жақсы көрмейсің деп өкпелеп аузын бүртитты (Ө. Қанахин). Камалдың бойындағы ашылмай жатқан мол дарын мен тың талант зәредей нәрседен ғана көзге түсті (Б. Қыдырбекүлы). Тырнахтай бала екеш бала да сол кездегі ауылга келген қайғы салмағын сезетін сияқты еді (Қ. Салғарин). Жақай да жақыным екен деп олардан тинацтай жақсылық күтпейтін (С. Омаров). Тцянадай үш қанат отаудың төрінде Әсия мен Сарыбала, бір бүйірде келіншегімен Аманбай (Ғ. Мүстафин).